Павлодар облысының 9 жасар оқушысы ментальды арифметикадан Дубайда өтетін халықаралық олимпиадаға қатысады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Павлодар облысы Качир ауданындағы №3 орта мектептің 3-сынып оқушысы Ділназ Қазбай ментальды арифметика бойынша Дубайда өтетін халықаралық олимпиадаға қатысады, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.
None
None

 Тоғыз жасар Ділназ Қазбайдың бұған дейін бағындырған белестері аз емес. Ол - ойша есеп шығарудың жүйрігі. Көп таңбалы сандарды көбейту және бөлуді есептеу құрылғысын қолданбай-ақ шығара беретін оқушы қазіргі таңда UCMAS Kazakhstan халықаралық ментальды арифметика академиясының Павлодардағы филалында қосымша білім алады. Ділназ ағымдағы жылдың мамыр айында Астана қаласында өткен ментальды арифметика олимпиадасының республикалық кезеңінде 1000-ға тарта қатысушының ішінен екінші орынға ие болған. Сол жарыста ол қараша айының 11-і күні Біріккен Араб Әмірліктерінің Дубай қаласында өтетін XXI халықаралық олимпиадаға жолдама жеңіп алған. - Дубайға әлемнің 22 елінен 7 мыңға тарта бала барады. Қазақстанның барлық облыстарынан 60-тай оқушы жолдама алды. Павлодардың намысын жалғыз Ділназ Қазбай ғана қорғамақ. Ол біздің орталыққа былтырдан бері келіп жүр. Шетелден жақсы нәтижемен ораларына сенімдіміз, - дейді UCMAS Kazakhstan халықаралық ментальды арифметика академиясының Павлодардағы филалы директорының орынбасары Айзада Қасымова.

Айта кетерлігі, ментальды арифметика академиясы 4-12 жас аралығындағы ерекше дарынды балаларды қабылдап, ойша есеп шығару қабілетін одан ары дамытады. Былтыр Нью Дели қаласында өткізілген XX Бүкіләлемдік жарыста 52 мемлекеттің арасынан Қазақстан бүлдірішіндері 5 алтын және 11 күміс медальмен оралған. 

Соңғы жаңалықтар