09:02, 17 Мамыр 2012 | GMT +5
Павлодар облысының әкімдігі мемлекеттік органдар жұмысының тиімділігін нұротандықтармен бірлесе көтермек
ПАВЛОДАР. 17 мамыр. ҚазАқпарат - Павлодар облысының әкімдігі, Мемлекеттік қызмет Агенттігінің басқармасы және «Нұр Отан» ХДП-ның қоғамдық филиалы тұрғындардың мемлекеттік қызметке сенімін нығайту бойынша

ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды, деп хабарлады аймақ басшысының баспасөз қызметінен.
«Азаматтық қоғаммен белсенді өзараәрекеттестік болмаса, Қазақстанда өткізіліп жатқан реформалардың тиімділігіне қол жеткізу мүмкін емес»,- деп атап өтті облыс әкімі Ерлан Арын. Ол ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «қоғамға қызмет ету» ұғымының синониміне айналуы тиіс мемлекеттік қызметті құру міндетін қойғанын атап көрсетті.
Келісім қатысушыларының қабылдаған міндеттемелері мемлекеттік қызметкерлердің кәсібилігін, біліктілігін жоғарылатуға және мемлекеттік органдар жұмысының тиімділігіне бағытталған. Жұртшылықты ведомстволардың жетістіктері мен үздік шенеуніктердің қызметі туралы жүйелік ақпараттандыру қарастырылған.