11:37, 21 Ақпан 2009 | GMT +5
Павлодар облысының әкімдігі ұлттық компаниялармен меморандумға қол қойды
ПАВЛОДАР. Ақпанның 21-і. ҚазАқпарат /Вера Ливинцова/ - Павлодар облысының әкімдігі кеше «ҚазМұнайГаз», «Қазақтелеком» ұлттық компанияларымен және Қазақстанның Машина жасаушылар одағымен екіжақты меморандумдарға қол қойды,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Серіктестермен арадағы келісімге баға берген аймақ басшысы Бақытжан Сағынтаев, «еліміздің ірі компаниялары павлодарлық зауыттар шығаратын өнімдерді жай сатып алып отырған жоқ. Олар тауарлардың жаңа түрлерін игеруге қолдау көрсетіп отыр», деп атап көрсетті. «ҚазМұнайГаз» АҚ басқармасының төрағасы Қайыргелді Қабылдин, «KSP-Steel» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі ұлттық компанияның перспективалы серіктестігі екенін атап көрсетті. Кәсіпорын жылдың басында 16 мың тонна жіксіз құбырдың жеткізіліміне тапсырыс алды. Бұл келісімшарт зауыттың 2,3 мың жұмысшысын еңбекпен қамтып отыр. «Қазақтелекомның» тұрақты серіктестерінің бірі - павлодарлық «Қазэнергокабель» АҚ былтыр компанияға жарты миллиард теңгенің өнімін жеткізді. Жалпы алғанда, «телекомдықтар» жергілікті тауар өндірушілерден барлығы 2,5 миллиард теңгенің тауарлары мен қызметтерін сатып алып отыр, ынтымақтастық әлі де жалғаса бермек. «Қазақстанның Машина жасаушылар одағы» ұйымымен де жаңа жобалардың перспективалары ашылуда. Ірі компаниялардың отандық тауар өндірушілерге қолдау көрсетуі Павлодар облысының кәсіпорындарында сенімді дамып, шығарылатын өнімдердің сапасы мен бәсекеге қабілеттілігін жақсартуға мүмкіндік беруде.