05:31, 05 Маусым 2016 | GMT +5
Павлодар облысының әкімі аудан, ауылдардағы мәселелермен танысып қайтты
ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Қашыр ауданына барған аймақ басшысы Болат Бақауов Тереңкөл елді мекені - Павлодар облысындағы спорт кешені жоқ жалғыз аудан орталығы екенін біліп қайтты, деп хабарлайды әкімдіктің баспасөз қызметі.

Жергілікті билік спорт-сауықтыру кешенінің жобасын жасап қойған, алайда оған 700 млн теңге қажет. Облыс басшысы бүгінгі таңда мұндай қаржыға үміттенбей-ақ, шағын спорт кешенінің жобалық-сметалық құжатын жасауды тапсырды.
Железин ауданында да қордаланған мәселелер жоқ емес. Әсіресе, жол мәселесі сын көтермейді. Аймақ басшысы таныса келе, бұны бір жолда шешу мүмкін еместігін айтты.
«Мен жергілікті басшыларға жобалық-сметалық құжатты дайындау жөнінде тапсырма бердім. Біз жоспар құрып, бұл жолдарды 2020-2025 жылдарға дейін жөндейтін боламыз», - деді әкім.