Павлодар облысының әкімі бұрынғы Семей сынақ полигонына іргелес жатқан аумақтардың экологиялық жағдайына алаңдаушылық білдірді

«Бұрынғы Семей сынақ полигонына іргелес жатқан, халықтың денсаулығына үлкен әсерін тигізіп отырған аумақтардың - Май, Лебяжі және Баянауыл аудандарының экологиялық жағдайы бүгінде біздің ерекше алаңдаушылығымызды туғызып отыр»,- дейді Б.Сағынтаев.
Әкімнің айтуынша, туберкулез, жүрек-қан тамырлары және онкологиялық аурулар бойынша Павлодар облысы республикада тізімнің басында келеді. Сондықтан да, аймақтағы әлеуметтік-психологиялық ахуалдың түйінін шешу үшін, халықты тереңдетіп медициналық тексеруден өткізу, сауықтыру және оңалту үшін, сондай-ақ ауруханалар салу үшін жергілікті бюджеттен қомақты қаржы қарастырылып отыр.
«Соңғы екі жылда біз денсаулық сақтау саласына қарастырылған бюджетті 30 пайызға арттырдық, осының арқасында биыл аурулардың жеке түрлері бойынша көрсеткіштерді төмендетуге қол жеткіздік. Дегенмен, онкологиялық аурулар бұрынғысынша күрделі проблема болып қалып отыр», дейді әкім.
Осыған байланысты әкім, Павлодарда онкологиялық диспансер салу қажеттілігін атап көрсетті. «Диспансердің құрылысы Үкіметте және «Нұр Отан» партиясының тарапынан қолданды, бірақ қаржы мәселесіне байланысты бұл мәселе соңына дейін әлі шешілген жоқ. Осы мәселеге қайта оралу керек деп санаймын», деп түйіндеді Б.Сағынтаев өз сөзін.