Павлодар облысының әкімі «Capital-Longji Sci-Tech» мемлекеттік компаниясының президенті Чжоу Хайвэймен кездесті

Кездесуде Павлодар облысының инвестициялық жобаларын іске асырудағы өзара ынтымақтастық мәселелері талқыланды.
Қытай жағымен стратегиялық серіктестіктің перспективті бағыттары қатарында «Павлодар облысында қуаттылығы жылына 400 мың тонна кальциленген сода өндіретін зауыт құрылысы» жобасын іске асырудағы ынтымақтастық та бар.
2013 жылғы 26 қыркүйекте Қазсода ЖШС мен «Capital-Longji Sci-Tech CO., LTD» мемлекеттік компаниясы арасындағы ынтымақтастық туралы келісімге қол қою - осының нәтижесі.
Capital-Longji Sci-Tech Co. Ltd. комапниясы мұнай-газ бұрғылау құрылығылары және өзге де электромеханикалық жабдықтарды экспортқа шығару, өнеркәсіптік және азаматтық маңызы бар нысандарды жобалау және оларды салу, консалтингтік қызмет көрсету, нақты жобаларға инвестиция салу және түрлі тауарларды сатумен айналысады. Компания серіктестерімен экономиканың көптеген салаларында ұзақ мерзімді өзара қарым-қатынас құрады.