Павлодар облысының әкімі: Екібастұзда 25 көппәтерлі, 90 жер үй жылусыз отыр

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Павлодар облысының әкімі Әбілқайыр Ысқақов Үкімет отырысында Екібастұз қаласындағы ахуалды баяндады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«27 қараша күні Екібастұз жылу-электр орталығының №11 қазандығы апатты түрде тоқтатылды. Кейін жылумен жабдықтау желілеріндегі қысымның төмендеуіне байланысты тағы да 3 қазандық тоқтатылды. Себебі желі ішіндегі су нормадан үш есе артық кетіп тұрды. Салдарынан жылу-электр орталығы 52,37-ге төмендетілген параметрмен жұмыс істеді. Норма бойынша 87,56 болу керек. Сол уақыттан бастап жедел штаб құрылып, барлық қажетті ресурстар тартылды, жалпы төтенше жағдай жарияланды», - деді әкім.

Сондай-ақ, ол оқиғаның қалай өрбігенін хронология бойынша мәлім етті.

«27 қараша күнгі сағат 21.00-дегі жағдай бойынша, 149 көппәтерлі түрғын үй және 15 әлеуметтік нысан жылусыз болған. Қалпына келтіру жұмысының нәтижесінде 15 елеулі зақымның 14-і жойылды. Нәтижесінде желі ішінде ыстық судың кетуі 3,2 есеге дейін төмендеді. 28 қараша күні таңға қарай қабылданған шаралар 132 көппәтрелі тұрғын үй мен 12 әлеуметтік нысанды жылуға қосуға мүмкіндік берді. Осылайша сол уақытқа қарай 17 кәппәтерлі тұрғын үй және 3 әлеуметтік нысан жылусыз қалып тұрды. Стансадағы температура – 87,59. 10 қазандықтың алтауы жұмыс істеп тұр. Қажетті жұмысты жүргізуге 25 бригада және 37 техника тартылды», - деді Әбілқайыр Ысқақов.

Соған қарамастан, 29 қараша күні таңға қарай тағы 25 көппәтерлі және 90 жекеменшік үйдегі ішкі жылу жүйесінде проблема пайда болған.

«Яғни бұл үйлер жылуды қабылдай алмай отыр. Өз кезегінде жылу желісінде ыстық су бар. Бірақ аталған үйлердегі ішкі жылу жүйесін қалпына келтіруміз керек. Сол үшін қосымша тағы 23 бригада тағы басқа қалалардан көмекке келді. Сонымен қатар жылусыз отырған тұрғындарға 1200-ге жуық жылыту құралы жеткізілді», - деді облыс әкімі.


Соңғы жаңалықтар