12:13, 31 Қаңтар 2009 | GMT +5
Павлодар облысының әкімі Екібастұздың балалар мекемелерінде болды
ПАВЛОДАР. Қаңтардың 31-і. ҚазАқпарат /Вера Ливинцова/ – Павлодар облысының әкімі Бақытжан Сағынтаев өзінің жұмыс сапары барысында Екібастұздың балалар мекемелерінде болды,

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.Кеншілер мен энергетиктер қаласында «Балбөбек» балабақшасын қалпына келтіру аяқталды. Ұядай жылы ұйықтайтын және ойнайтын бөлмелерден жаңа кепкен сырдың иісі шығады, шығармашылық студия мен қазақ тілі бөлмесі жайластырылуда, ас үй заманауи жабдықтармен жарақталуда. Сәбилерді қабылдауға бассейн мен спортзал даярлануда. Балабақшада қазақ және орыс топтарына 200 бүлдіршін тартылатын болады, екі топта туберкулезбен ауыратын отбасылардан шыққан балалар тәбиеленбекші.Екібастұздың әкімі Нұрлан Нәбиев биылғы жылы 530 орындық екі балабақшаның қалпына келтірілетінін айтты. Бүгінгі күні 850 бала болатын мектепке дейінгі балалар мекемелерінде орын алуға деген кезек айтарлықтай қысқарады.Жас екібастұздықтардың мектептен кейін қайда барулары керектігіне Б.Сағынтаевтың «Жасыбай» спорт кешенінде болған кезінде көзі жетті. Балалар екі жүзу бассейнінде асыр салып жүзіп жүрді, он спорт залында балуандар мен дзюдошылар, гимнасшылар мен акробаттар жаттығып жатты, шағын футболдан өткен ойын да қыза түсті.«Қайнар» балалар мен жасөспірімдер шығармашылығы орталығында сабақ алу үшін барлық жағдайлар жасалған, қызығушылықтары бойынша клуб жұмыс істейді. Маусымда атап өтілетін Қала күніне орай бұл жерде балалар орталығының екінші қанаты пайдалануға беріледі, мұнда ойын-сауық ? көңіл көтеру орталығы ашылады.Облыс басшысы кәсіби жарға өрмелеу жабдықтарымен жарақталатын шаңырағы биік залмен танысты. Екібастұздық туристердің атақтары өздерінің табыстарымен елімізге кең тараған, жаңа жаттығу алаңы ? жоғары жетістіктерге бастайтын тұғыр болмақшы. «Қайнардың» педагогтары жаңа корпус пайдалануға берілгеннен кейін орталықта үш мыңға дейін адам жаттығатынына сенімді.