Павлодар облысының әкімі қалалықтардың қалай демалатынын тексерді

ПАВЛОДАР. Шілденің 15-і. ҚазАқпарат /Николай Кузнецов/ - Павлодар облысының әкімі Бақытжан Сағынтаев облыс орталығы тұрғындарының демалыс уақыты қалай ұымдастырылғандығын тексерді,
None
None

деп хабарлайды әкімнің баспасөз қызметі.

Ол Павлодарда қайта құрастырылған Ленин саябағында өткен «Третий серпантин» концертін тамашалады. Қаланың сегіз жас шығармашыл ұжымдары мектеп жанындағы лагерлердің оқушылары үшін ән мен ұлттық билерді орындап, ойын нөмірлерін көрсетті.

Б.Сағынтаев күрделі жөндеуден кейін ашылып отырған «Колос» демалыс орнында болды. Бұл жерде көрермен залы қайта құрастырылып, жас әртістер үшін жаңа сахна жасалды, дайындалуға арналған бөлмелер ашылған.

Әкім «Замандас» атты қариялар клубында болды. Жиналған ардагерлер қауымы павлодарлық танымал ақын және композитор болған Жаяу Мұса Байжановты еске алып, оның шығармаларын қаладағы жас таланттар ұлттық аспаптарда ойнады.

Соңғы жаңалықтар