Павлодар облысының әкімі ҚР-дағы Чехия Республикасы және Швеция Корольдігінің елшілерімен ынтымақтастық мәселелерін талқылады

2012 жылғы Павлодар облысының Чехиямен сыртқы саудасының көлемі 22,5 млн. доллардан астам соманы құрады. Бір жылда Павлодар мен Прага арасындағы сыртқы сауданың көлемі он есеге ұлғайды. Тауар айналымының өсімі өлшеу құралдарын, жабдықтар мен машиналарды, қоғалтқыштарды, токарлық станогын импорттаумен байланысты. Павлодарлықтар алюминий және полипропилен экспорттайды.
Тараптар ең болашағы зор бағыттар ретінде медицина саласы, химия өнеркәсібі және ауыл шаруашылығындағы өзара ықпалдастыққа ден қоюда.
Бүгін Ерлан Арын ҚР-дағы Швеция Корольдігінің Төтенше және Өкілетті елшісі Манне Вэнгборгпен кездесті. Тараптар Павлодар облысында Қазақстан-Швеция транстехнологиялар орталығын құру және Швеция қалаларымен бауырластық байланыстар орнату мәселелерін талқылады.