Павлодар облысының әкімі «Нұр Отан» партиясы аймақтық филиалының төрағасы болып сайланды

None
None
ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Павлодар облысының әкімі Болат Бақауов «Нұр Отан» партиясы төрағасының орынбасары Асқар Мырзахметовтың қатысуымен өткен партияның облыстық филиалының ХІХ кезектен тыс конференциясының барысында аймақтық филиалдың төрағасы болып сайланды.

«Өзіме білдірген сенім үшін алғыс айтқым келіп отыр. Партия төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қойған міндеттерін бірге іске асыратынымызға сенімдімін. Біздің міндетіміз - «Нұр Отан» партиясының сайлауалды бағдарламасын орындау, сондай-ақ «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының іске асырылу сапасына нақты, пәрменді бақылауды қамтамасыз ету», - деп сендірді Б.Бақауов.

«Сонымен бірге, біз атқарушы биліктің барлық деңгейімен тиімді өзара ынтымақтастық жүйесін дұрыс құрып, бірлескен жұмысқа назар аударуымыз керек. Біз жастарды тарту орталығына айналып, оның қоғамдық-саяси әлеуметтенуіне шешуші түрде ықпал етуге тиіспіз», - деп атап өтті Б.Бақауов.

Соңғы жаңалықтар