Павлодар облысының Ақсу қаласында «Жеңіс орманы» отырғызылады

ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Ұлы Отан соғысы жылдарында қаза тапқан жауынгерлердің құрметіне Павлодар облысының Ақсу қаласында «Жеңіс орманы» отырғызылады. Бұл бастаманы Жас натуралистер стансасының ұжымы көтерді. Акция сәуір айында басталмақ. Жас натуралистер ардагерлермен, қоғамдық ұйым өкілдерімен, қала тұрғындарымен бірлесіп, Ақсу көшелерінде жас талдарды егетін болады, деп хабарлады ҚазАқпарат тілшісі стансаның директоры Жантоты Ақышеваға сілтеме жасай отырып.
None
None

Қаладағы Жас натуралистер стансасы 40 жылдан астам уақыт бойы қызмет етіп келеді. Ол Ертіс өңірінің көрнекті қайраткері, бақтың негізін қалаушы Влас Барановтың құрметіне «Барановский» деп аталатын алма бағында орналасқан. Бақтың ауданы - 3,2 гектар. Ж. Ақышеваның айтуынша, жыл сайын бұл жерде 7 мен 15 жас аралығындағы 1000-нан астам мектеп оқушысы экология және биология бағыттары бойынша 12 үйірмеге қатысып, қаланы көгалдандыруға белсенді атсалысады. Олар мұнда табиғатты қорғау жөнінде білім алады. Жас натуралистер стансасы мектеп оқушылары арасында жүзеге асырылып жатқан бірқатар жобалардың бастамашысы болып табылады.

Өткен жылдың қорытындысы бойынша Ақсу қаласының Жас натуралистер стансасы «Сала көшбасшысы 2014» ұлттық сертификатымен және алтын медалімен марапатталды.

Соңғы жаңалықтар