Павлодар облысының атынан «Шығыс» разрезіндегі кеншілер әулеті республикалық «Мерейлі отбасы» байқауына қатысады (ФОТО)

ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - ERG құрамына кіретін «Еуразиялық энергетикалық корпорация» АҚ «Шығыс» разрезінің Әміреновтар кеншілер әулеті «Мерейлі отбасы» байқауында облыстың кезеңнен гран-при алды.
None
None

Енді олар Павлодар облысының атынан республикалық байқауда өнер көрсетеді.

Әміреновтар отбасы 17 адамнан тұрады. Разрезде кеншілер әулетінің жалпы еңбек өтілі 100 жылдай. Отағасы Рышат Бабайұлы 1985 жылдан бастап өндіру жұмыстары учаскесінде механик болып қызмет атқарады. Олармен бірге отбасының 5 мүшесі жұмыс істейді. Жұбайы Қарашаш Үкібаева «Күміс алқа» иегері.

Бұл отбасыда ұрпақтан-ұрпаққа маңызды құндылық ретінде табысталатын еңбек жолы қалыптасқан. Олардың атақтары мен алғысхаттары да жетерлік. Династия өкілдерінің суреттері Құрмет тақтасына әрдайым ілініп отырады.

«Отбасымызда үлкенді құрметтеу басты мәселе. Бала кезден бастап еңбекке баулып, үлкеннің ізін қууға дағдыланған», - деді отағасы.

Алты бала, бес немере сүйіп отырған отбасы. Облыстық байқау кезінде оларды Мерей атты қыз бала дүниеге келіп қуантты.

Соңғы жаңалықтар