Павлодар облысының ауыл шаруашылықтарында құны 5,5 миллиард теңгенің 14 инвестициялық жобасы жүзеге асырылуда

ПАВЛОДАР. Наурыздың 3-і. ҚазАқпарат /Вера Ливинцова/ - Сейсенбі күні облыс әкімі Бақытжан Сағынтаевтың қатысуымен өткен кеңесте Павлодар облысының агроөнеркәсіптік кешендерінде жүзеге асырылып жатқан жалпы құны 5,5 миллиард теңгені құрайтын 14 инвестициялық жобаның атқарылу барысы қаралды.
None
None

Үш инвестициялық жоба - облыстық маңызға ие. Наурыз айының соңында Екібастұзда «Энергия Капитал-1» серіктестігінің диірмен және наубайхана кешені іске қосылғалы отыр. Қазіргі таңда онда жабдықтарды құрастыру жұмыстары жүргізілуде.

Павлодарда ауданы 6 гектарды құрайтын жылыжай салынатын болады, жобаны қаржыландыру жұмыстары мамыр айында басталады.

Ал «Рубиком» серіктестігі шошқа өсіру кешенін түрлендіріп, кеңейтпек. Жобаның құны - 1,5 миллиард теңге, құжаттар пакеті «Аграрлық несие корпорациясының» сараптамасына әзір.

Аудандық маңыздағы жобалар бойынша үш жаңа көкөніс қоймасы салынып, тағы екі қойма қайта жаңғыртылмақ. «Ол нысандардың жалпы сыйымдылығы, келесі өнім алынғанша, халықты көкөніспен толық қамтамасыз етуге, базардағы нарықты тұрақтандыруға мүмкіндік береді», - деп атап көрсетті Бақытжан Сағынтаев өз сөзінде.

Ағымдағы жылға жоспарланып отырған инвестициялық жобалардың қатарында - «Тоғас» серіктестігінің 500 басқа арналған сүт-тауарлы фермасының құрылысы, «Победа», «Галицкое», «Жаңа қала» серіктестіктерінде қолданыстағы сүт-тауарлы фермаларын қайта жаңарту және қайта жаңғырту жобалары бар. Несиелерді ресімдеуге арналған құжаттар қазір «ГазАқроҚаржы» акционерлік қоғамында сараптамадан өтуде. Жоба бойынша жұмыстарды облыс әкімі өз бақылауына алып отыр.

Соңғы жаңалықтар