09:06, 23 Маусым 2010 | GMT +5
Павлодар облысының ауылдары мамандарды қабылдауға дайын
ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ. Маусымның 23-і. ҚазАқпарат /Вера Ливинцова/ - Павлодар облысы Ақтоғай ауданының ауылдары биыл 52 маманның келуін күтіп отыр,

деп хабарлады әкімдіктің экономика және бюджетті жоспарлау бөлімінен.
Оларды қолдап, орналастыру мақсатында жәрдемақылар төлеу, баспана алуды несиелендіру үшін бюджеттен 30 млн. теңге бөлініп қойған. Ауылдарға жұмысқа баратын медицина мамандығы бойынша білім алып жатқан соңғы курс студенттерінің оқу ақысын төлеу де қарастырылған.