08:12, 18 Мамыр 2009 | GMT +5
Павлодар облысының ауылдарында Жол картасы бағдарламасын жүзеге асыруға кірісті
ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ. Мамырдың 18-і. ҚазАқпарат /Вера Ливинцова/ - Павлодар облысының аудандарында Жол картасы бағдарламасын жүзеге асыру басталды,

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Өспен ауданы әкімдігінің сайтында автожолдар мен мәдениет нысандарын жөндеу жұмыстарына ашық конкурстар өткізу туралы хабарландырулар жариялануда. Мектептерді қайта жаңарту және абаттандыру үшін мердігерлер бұл жерде баға ұсыныстары әдістерімен анықталатын болады. Жол картасы бойынша екі мәдениет үйін ? аудандық және ауылдық мәдениет үйлерін жөндеуге 18,2 миллион теңге бөлініп отыр. Мердігерлер конкурс бойынша анықталады, 48 жұмыс орны құрылғалы отыр. Ауданның Жол картасын жаппай жүзеге асырудың нәтижесінде 211 жаңа жұмыс орны ашылмақ. Өңірдің жеті селолық округінде Жол картасы бойынша атқарылатын жұмыстарға келісімшарттар жасалып та қойды.