Павлодар облысының ауылында Қазақстан халқы Ассамблеясының күні өтті

ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ. Ақпанның 17-сі. ҚазАқпарат /Вера Ливинцова/ - Павлодар облысының Лебяжі ауданындағы Бесқарағай ауылында «Бейбітшілік. Келісім. Бірлік» деген ұранмен Қазақстан халқы Ассамблеясының күні өтті,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. «Славян орталығы» қоғамдық бірлестігі басқармасының төрайымы Татьяна Кузина ауыл тұрғындарына тыныштықты, ынтымақты, ұлтаралық және дінаралық келісімді сақтауға бағытталған мемлекеттік саясатты жүзеге асыруға белсенді атсалысып отырған Павлодар облысының Қазақстан халқы кіші Ассамблеясының жұмысы туралы әңгімелеп берді. Клуб сахнасында орталықтың өнер ұжымдары мен Павлодар казактарының вокальды ансамблі өнер көрсетті. Т.Кузина Бесқарағай кітапханасына ресейлік баспалар шығарған энциклопедияларды, тарихи және анықтағыш басылымдарды табыс етті.
Соңғы жаңалықтар