08:37, 29 Қараша 2011 | GMT +5
Павлодар облысының барлық атаулы күндерінің анықтамалығы жарық көрді
ВЛОДАР. 29 қараша. ҚазАқпарат /Вера Ливинцова/ - «Павлодар облысының 2012 жылдағы атаулы күндері» атты анықтамалық-библиографиялық кітап шығарылды, деп хабарлады облыстық кітапханадан.

Бұл кітапхана қызметкерлерінің 1967 жылдан бері шығарып келетін кезекті жылнама кітабы. Қазіргі күнтізбе - 45-інші мерейтойтойлық шығарылым.
Келесі жылы қала тұрғындары ақын Қали Байжановтың туғанына 135 жыл толуын, жазушы Зейін Шашкиннің 100 жылдығын, ақын, драматург Аманжол Шәмкеновтың туғанына 85 жыл толуын атап өтпек.
Күнтізбеге өлкенің дамуына, насихатталуы мен тарихының зерттелуіне елеулі үлес қосқан өлкетанушылардың, ғалымдар мен қоғам қайраткерлерінің мерейтойлық елеулі күндері де енгізілген.
Көрсеткіш облыстық кітапхананың сайтында орналастырылады, бұл Қазақстанның және басқа да елдердің желілік пайдаланушыларының анықтамалықты жедел пайдалануына жол ашады.