Павлодар облысының барлық аудандарында республика рәміздері бейнеленген алаң ашылмақ

деп хабарлады Павлодар облысы әкімінің баспасөз қызметі.
Өңір басшысы Ерлан Арын бұл тапсырманы ҚР Мемлекеттік рәміздері бойынша өткен облыстық комиссияның мәжілісінде атқарушы орган жетекшілеріне жүктеді.
Сондай-ақ облыс әкімі өсіп келе жатқан ұрпақтың патриоттық рухын қалыптастырудағы тәрбие беру жұмыстарын жандандыруды, мемлекеттік рәміздерді білу бойынша интерактивтік режімде облыстық байқау өткізу және мұғалімдер арасында Мемлекеттік ән-ұранның мәтінін білуде тест өткізу міндеттерін тапсырды.
Ішкі саясат басқармасының басшысы Бауыржан Қапеновтың айтуынша, мемлекеттік рәміздерді насихаттау бойынша белсенді жұмыс әлеуметтік сұраудың мәліметтерінде көрініс тапты. Респондерттердің 90,2 пайызы Мемлекеттік рәміздерді партиоттық рухпен және еліне деген мақтанышпен байланыстырады, облыс тұрғындарының 98,1 пайызы Мемлекеттік туды, 96,2 пайызы Мемлекеттік Елтаңбаны біледі.
Облыстың ішкі саясат басқармасының қызметкерлері метрология және техникалық реттеу комитетінің департаментімен бірлесіп аймақтың 899 нысанының мемлекеттік рәміз стандарттарына қаншалықты сай келетіндігін тексеріп, мониторинг өткізуде. Олардың кейбіреулерінде бұзушылықтар анықталған, қазіргі уақытта ол олқылықтар түзетіліп жатыр.