Павлодар облысының барлық балалар үйлері мен интернаттарында «Ризашылық - Балалар игілігі үшін жақсылық» атты мереке өтті

Балаларға салтанатты жағдайда бірінші ханым Сара Назарбаеваның атынан түрлі сыйлықтар - фотоорталықтар, швед баспалдақтары, «ЛЕГО»-ның дамытушылық ойындары, велосипедтер, конькилер, шаңғылар, қазақ тіліндегі кітаптар, плазмалық теледидарлар табысталды.
Аймақ басшысы Бақытжан Сағынтаевтың атынан ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған интернаттар компьютерлік жабдықтаудың жинақтамаларын алды.
Жетім балаларға арналған мекемелердің тұрақты демеушілері - Ақсу ферроқорытпа зауыты мен Еуразиялық корпорация Қалқаман балалар үйіне қысқы киім алу үшін бір миллион теңгеден астам қаржы берді. Ал «Атамекен», «Смак-Дистрибьюшн», «АЗА» фирмалары, «Ертіс» футбол клубы және «Мұнайгаздем» зейнетақы қоры Мичурин балалар үйіне би кештері үшін жабдықтар, плазмалық теледидар мен жаңа жылдық костюмдер сыйлады.
Қайырымдылық мерекелеріне «балалық шақтың достары» - көптеген кәсіпорындар мен фирмалар қатысты, облыста олардың саны көбейіп келеді.