Павлодар облысының делегациясы Ресей мен Қазақстанның X аймақаралық ынтымақтастығы форумына қатысуда

Форум аясында 2013 жылғы 10 қарашада Екатеринбург қаласында «Ресей мен Қазақстанның өнеркәсіптік кооперациясы» атты көрме ашылды.
Свердловск облысындағы халықаралық көрме орталығына Ресейдің 14 өңірі мен Қазақстанның 10 облысы қойылды.
Павлодар облысының атынан «Екібастұз ГРЭС-2 стансасы» АҚ, «Kazakhstan Project» ЖШС, «Қазэнергокәбіл» АҚ сияқты үш кәсіпорын қойылған.
Екібастұз ГРЭС-2 - қуаттылығы 1000 МВт жылу электр стансасы, құрамында 500 МВт болатын екі энергоблогы бар.
«Kazakhstan Project» ЖШС - санитарлық-гигиеналық пайдалануға арналған жоғары сапалы қағаз өнімін шығаратын ірі кәсіпорындардың бірі. А-класты өнім еуропалық стандарттар бойынша «Snow Leaf» маркасымен шығарылып, 100 пайыз целлюлозадан тұрады әрі гипоаллергенді. Қағазды өңдеу цехтарының өндірістік әлеуеті жылына 2,5 мың тонна құрайды.
«Қазэнергокәбіл» АҚ 2010 жылдан бастап Қазақстанның ішіндегі нарыққа және экспортқа алюминий жәмішсымын шығарады.
Сонымен қатар жастар жағы Ресей мен Қазақстан ынтымақтастығының «ХХІ ғасырдағы көшбасшылық және инновация: Ресей мен Қазақстан серіктестігі аясында болашаққа көзқарас» форумы шеңберінде «Қазақстан-Ресей» жастар форумына қатысты.
Онда еуразиялық ықпалдастық жобаға қатысты ресейлік және қазақстандық даму мәселелері талқыланып, қазақстандық-ресейлік жастар ынтымақтастығының нәтижесі, жетістіктері мен перспективалары, ғылым, білім, кадрлық саясат, жастар кәсіпкерлігі, қоғамдық бастамалар саласындағы ынтымақтастық пен ықпалдастық қарастырылды.
Форумға 700 адам қатысса, оның 388-і Екатеринбург қаласы мен Свердловск облысынан, 219-ы Ресей өңірлерінен жиналса, 100 адам Қазақстаннан келген.