Павлодар облысының денсаулық сақтау басқармасын Ардақ Күзеков басқарады

ПАВЛОДАР. Желтоқсанның 31-і. ҚазАқпарат /Вера Ливинцова/ - Павлодар облысының әкімі Елеусін Сағындықовтың өкімімен денсаулық сақтау басқармасы бастығының міндетін атқарушы болып Ардақ Күзеков тағайындалды,
None
None

деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.

А.Күзеков 45 жаста, Қарағанды мемлекеттік медицина институтын «педиатрия» және Семей мемлекеттік университетін «қаржы және несие» мамандықтары бойынша бітірген.

1999 жылдан бастап Павлодар облыстық балалар ауруханасының бас дәрігері болып жұмыс істеді.

Соңғы жаңалықтар