19:35, 05 Қараша 2013 | GMT +5
Павлодар облысының егіншілері бір гектардан 14,3 центнер өнім алды
ПАВЛОДАР. 5 қараша. ҚазАқпарат - Облыстағы жалпы астық жиыны 862,5 мың тоннаны құрады, орташа өнімділігі - бір гектардан 14,3 центнер, деп хабарлады Павлодар облысы ауыл шаруашылығы басқармасында. Бұл астық көлемі тұрғындардың нанға және нан өнімдеріне сұранысын алты есе жабады.

Жиналған астықты төрт элеватор сақтауға қабылдайды, алтауында астықты кептіру және дайындау жүргізіледі. Шаруашылықтарда аргентиналық сақтау технологиясы - қапшықтарда сақтау пайдаланылады.
Шаруашылықтардағы жалпы картоп жиыны орташа өнімділік бір гектардан 251 центнер болған кезде 381 мың тоннадан астам, көкөніс - 135 мың тоннаны, бақша дақылдары 33,7 мың тоннаны құрады.
Өңірде жемнің екі жылдық қоры жасалды. Малдың қыстан тоқ өтуін қамтамасыз ететін 1,26 млн. тоннадан астам шөп, 195 мың тонна сабан, 46 мың тонна пішен және 104 мың тонна сүрлем дайындалды.