Павлодар облысының индустриялық-инновациялық даму басқармасының басшысы тағайындалды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Павлодар облысы әкімінің өкімімен Әлішер Елісұлы Әбдіқадыров Павлодар облысы индустриялық-инновациялық даму басқармасының басшысы болып тағайындалды, деп хабарлайды облыс әкімдігінің баспасөз қызметінен.
None
None

Әлішер Елісұлының білімі жоғары, М.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің бакалавриаты мен магистратурасын тәмамдаған. Экономика магистрі ғылыми дәрежесі бар. Еңбек жолын 2009 жылы Индустрия және сауда министрлігінде сарапшы болып бастаған. Ә.Әбдіқадыров индустриялық дамыту саласында (Индустрияландыру картасы, арнайы экономикалық аймақтарды құру) және инвестиция тарту мәселесінде мол тәжірибесі бар білікті басшы. Ол елордадағы қызмет жолында Үдемелі индустриялық-инновациялық дамытудың бірінші бесжылдығы (2010-2014) және екінші бесжылдығы (2015-2019) мемлекеттік бағдарламаларын әзірлеуге қатысқан. Сонымен қатар министрліктердегі қызмет жолында барлық сатылардан өткен. Министрлік сарапшысы, Инвестиция комитеті төрағасының орынбасары лауазымын атқарған. Басқарманың жаңа басшысын таныстырған облыс әкімінің міндетін атқарушы Д.Н.Тұрғанов Әлішер Елісұлына алдағы жұмысына табыс тіледі.

Соңғы жаңалықтар