08:49, 21 Ақпан 2013 | GMT +5
Павлодар облысының қалаларында ТКШ-ны жаңғырту бағдарламасы бойынша 162 тұрғын үй жөнделеді
ПАВЛОДАР. 21 ақпан. ҚазАқпарат - Биыл Павлодар облысының қалаларында 162 тұрғын үй жөндеуден өтеді, деп хабарлады тұрғындармен есептік кездесуде аймақ басшысы Ерлан Арын.

Олардың жаңартылуына 1,6 млрд.-тан астам теңге бөлінуде.
Атап айтқанда, Павлодарда - 115, Екібастұзда - 39, Ақсуда 8 тұрғын үй ғимараты қалпына келтіріледі.
Аймақта Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы бағдарламасының іске асрылуы қарқын алуда. 2011 жылы өз баспаналарын жаңғыртуға барлығы 41 үйдің тұрғындары қатысты, өткен жылы көрсеткіш бұдан екі есеге көп болды.
Бағдарлама жүзеге асырыла бастаған екі жылда жөндеуді қажет ететін тұрғын үйлердің санын төрт пайызға төмендету мүмкін болды.