14:24, 16 Қыркүйек 2010 | GMT +5
Павлодар облысының қаржы полициясы жалған ақша жасаушыға қатысты қылмыстық іс қозғады
АСТАНА. Қыркүйектің 16-сы. ҚазАқпарат - Павлодар облысының қаржы полициясы жалған ақша жасаушыға қатысты қылмыстық іс қозғады,

деп хабарлайды ҚР Экономикалық қылмыс және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің баспасөз қызметі (қаржы полициясы).
«Павлодар облсының департаменті ҚР Қылмыстық кодексінің 206 бабы, 2 тармағы бойынша (жалған ақша, бағалы қағаздарды жасау немесе оларды айналымға түсіру) жалған ақша жасаушыға қатысты қылмысты іс қозғады», - делінген баспасөз қызметтің таратып отырған ақпаратында.
Қаржы полициясының мәліметі бойынша, ол басқа азаматтармен қылмыстық байланысқа түскен. Олар бірнеше мәрте жалпы құны 476 000 теңгені құрайтын 100 АҚШ долларын, 200, 500 және 1000 мың теңгелік жалған ақша жасап, пайдаға асырған.