Павлодар облысының Қашыр ауданында санақ науқаны аяқталып келеді

ПАВЛОДАР. Наурыздың 4-і. ҚазАқпарат /Вера Ливинцова/ - Павлодар облысының Қашыр ауданында халық санағы аяқталып келеді,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Халық санағын өткізуге қолдау көрсету жөніндегі облыстық комиссия төрағасының орынбасары Мұхамеджан Өтегенов осынау маңызды мемлекеттік науқан барысында халықтың азаматтық белсенділігін атап көрсетті. Алты күнде облыста 526 мыңнан астам тұрғынға сауалнама парақтары толтырылды - бұл халықтың есептік санының 71 пайызы. Екібастұзда, Железин және Мамыр аудандарында санақ қарқынды өтті, онда азаматтардың 90 пайызға жуығы есепке алынды.
Соңғы жаңалықтар