08:57, 17 Қараша 2011 | GMT +5
Павлодар облысының кәсіпорындарында көмір, металлургия, энергетика салаларында өндіріс өсімі байқалады
ТАНА. 17 қараша. ҚазАқпарат /Вера Ливинцова/ - Ағымдағы жылдың қаңтар-қазанында өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда Павлодар облысының барлық аудандарында,
Ақсу қаласын, Павлодар мен Май аудандарын қоспағанда өндіріс өсімі байқалады, деп хабарлады статистика департаментінің баспасөз қызметінен.
Көмір өндіру 3,7 пайызға, қоңыр көмір 15,4 пайызға өсті, электр энергиясы 5,5 пайызға артық өндірілді. Металлургиялық және химиялық өнеркәсіп өнімдерін өндіру өсті. Алюминий 207 мың тонна шығарылды, бұл 111пайызды құрайды. Тұтас болат құбыр шығару 124 пайызға дейін ұлғайды.