Павлодар облысының кәсіпорындарында жұмысшылардың саны өткен жылы 5 пайызға артты

ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ. Қаңтардың 27-сі. ҚазАқпарат /Вера Ливинцова/ - Өткен жылдың қаңтар-қараша айларында Павлодар облысының ірі және орта кәсіпорындарында жалданған жұмысшылардың саны 168,7 мың адамға жетіп,
None
None
бұрнағы жылдың сәйкес кезеңіндегі көрсеткішпен салыстырғанда 4,9 пайызға артты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі статистика департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Орташа атаулы жалақы 54 мың теңгеден асып, алдыңғы жылмен салыстырғанда 16,4 пайызға өскен. Ал нақты жалақы 1,4 пайызға азайған. 2008 жылы еңбекпен қамту қызметтеріне 14 800 адам есепке тұрған, бұл 2007 жылғы көрсеткіштен 1062 адамға аз. Олардың 5 мыңға жуығы - ауылдық жерлердің өкілдері. Жыл бойына 9306 адам, яғни есепке тұрғандардың 62,9 пайызы жұмысқа орналасты. Ұйымдар мен кәсіпорындарда сұраныс туындап отырған жұмысшылардың саны, жылдың соңындағы көрсеткіш бойынша 1326 адам. Қазіргі уақытта еңбекпен қамту қызметтерінде 3073 адам есепте тұр. Экономикалық белсенді халықтың арасындағы тіркелген жұмыссыздардың үлесі 0,7 пайызды құрайды.
Соңғы жаңалықтар