09:44, 05 Ақпан 2011 | GMT +5
Павлодар облысының Қазынашылық департаментінің бастығына бюджет қаражатын қымқырды деген айып тағылды
ПАВЛОДАР. 5 ақпан. ҚазАқпарат /Вера Ливинцова/ - Павлодар облысының Қазынашылық департаментінің бастығына, оның орынбасары мен осы мекеменің кадрлар бөлімінің бастығына 300 миллион теңге бюджет қаражатын қымқырды деген айып тағылды,
деп хабарлады облыстық қаржы полициясының баспасөз қызметінен. Сот санкциясымен олар қамауға алынды.
Қаржы полициясы өткен жылдың қыркүйек айында қазынашылық департаменті бастығының орынбасары мен екі бөлім басшысына қатысты қылмыстық іс қозғаған болатын. Оларға мекемеде жұмыс істемейтін тұлғаларға жалақы аудару жолымен бюджет қаржысын ұрлады деген күдік келтірілген еді.
Қылмыстық істі тексерудің барысында бұл қылмысқа департаменттің бірінші басшысының да қатысы барлығы дәлелденіп отыр.