Павлодар облысының кедені сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жүргізуде

ПАВЛОДАР. 21 қаңтар. ҚазАқпарат /Вера Ливинцова/ - Өткен жылы Павлодар облысының кедендік орган жүйесінде жемқорлыққа қарсы күресудің жүйелі шаралары қабылданды,
None
None

деп хабарлады облыстық кедендік бақылау департаментінен. Шаралардың аясында кеден қызметкерлерімен жеке әңгімелесулер және құқықтық сабақтар өткізілді.

Кедендік бақылау департаменті сондай-ақ Кедендік саясат жөніндегі қоғамдық консультативтік кеңес арқылы кәсіпкерлермен тұрақты жұмыс істейді. Оған қоса «Нұр Отан» партиясының филиалымен бірлесіп, сыбайлас жемқорлықпен күресуге бағытталған бірлескен жоспар әзірленген.

Профилактикалық жұмыстар халықтың кедендік құрылымдарға деген сенімін нығайтуға, мемлекеттік қызмет атқарып отырған кеденшілердің пара алмауларына жағдай жасауға бағытталып отыр.

Өткен жылы құқық қорғау органдары бір кеденшіге қатысты қылмыстық іс қозғаған, 33 қызметтік тексеру жүргізген және 21 адам тәртіптік жауапқа тартылған. Кедендік бақылау департаментінің лауазымдық қызметкерлерінің заңсыз әрекеттеріне шағымданған 9 арыздың алтауы расталмай шықты.

Кедендік баылау департаментінде сенім телефоны жұмыс істейді, арыз-шағымдар үшін жәшіктер орнатылған.

Соңғы жаңалықтар