Павлодар облысының құқық қорғау органдары ҚР ҰҚК-нің 20 жылдығын спорттық жетістіктермен атап өтті

None
None
ПАВЛОДАР. 6 шілде. ҚазАқпарат - Павлодар облысының құқық қорғау органдары ҚР ҰҚК-нің 20 жылдығын спорттық жетістіктермен атап өтті,

деп хабарлады кедендік бақылау департаментінің баспасөз қызметінен.

 ҰҚКД, ІІД, Экономикалық қылмыспен және сыбайлас жемқорлықпен күрес департаменті, ТЖМ, прокуратура, сот, қылмыстық-атқару жүйесінінің комитеті және кедендік бақылау департаментінің қызметкерлері шағын футбол және волейбол, оқпен ату және жүзу, шахмат және бильярдтан біріншілікті ұйымдастырды.

 Спартакиада қорытындылары бойынша бірінші орынды Павлодар облысы ҰҚКД-нің құрама командасы алды.

 Футболда «Үздік қорғаушы» болып танылған кеденші Қанағат Сәбитов ерекшеленді, ол құрмет грамотасымен және бағалы сыйлықпен марапатталды. Шахмат бойынша жеке біріншілікте КБД-нің қызметкері Ерлан Әлімжанов жеңімпаз атанды.

Соңғы жаңалықтар
telegram