Павлодар облысының құрама командасы республикалық ғылыми жобалар конкурсында 1-орынды иеленді

Бұл туралы pavlodarnews.kz «Ертіс дарыны» өңірлік қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығына сілтеме жасап хабарлады.
«Конкурсқа Қазақстанның барлық өңірлерінен 700-ден аса оқушы қатысты. Павлодар облысынан конкурстың қорытынды кезеңіне 48 жобамен 65 оқушы өтті. Ғылыми сайыс төрт бағыт: экономикалық және әлеуметтік процестерді математикалық модельдеу, ғылыми - техникалық прогресс, экономикалық өсудің негізгі, таза табиғи орта - Қазақстан - 2030 стратегиясын іске асырудың негізі, Қазақстанның тарихи ескерткіштері және болашақ дамуы бар саяхат маршруттары бойынша жүргізілді», - дейді орталық директоры Гаждембек Тұрсынов.
Конкурстың қорытындысы бойынша 1-командалық жүлделі орынды Астана мен Алматы қалалары, Павлодар және Шығыс Қазақстан облыстары жеңіп алған. 1-орын дарынды балаларға арналған №3 гимназиясының 11-сынып оқушылары Дәурен Қарамбаев және Даниял Ташенов, Екібастұз қаласы дарынды балаларға арналған мамандандырылған №1 лицей-мектебінің 11-оқушылары Камила Қуанышева және Даяна Семыкина ие болды. Сондай-ақ «Ең үздік ғылыми жоба» аталымы мен Intel ISEF Құрмет грамотасы дарынды балаларға арналған №3 гимназияның 11-сынып оқушылары Дәурен Қарамбаев пен Даниял Ташеновқа бұйырды.