14:18, 01 Қыркүйек 2014 | GMT +5
Павлодар облысының Майқайың кентінде жаңа мектеп ашылды
ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Бүгін Павлодар облысындағы Майқайың кентінде қазақ тілінде оқытатын жаңа мектеп ашылды, деп хабарлады облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Заманауи үшқабатты оқу ғимаратында жайлы сыныптар, акт және спорт залдары, асхана, екі медициналық кабинет, ағаш, металл өңдейтін шеберхана, тігін цехы, зертхана, кітапхана, екі лингафон кабинеті және бір мультимедиа кабинеті бар.
Биылғы оқу жылында Майқайың кентінде барлығы 1370 бала сабаққа барады, жаңа мектепте ғана үш бірінші сынып бар.
Биылғы жылдың соңына дейін облыста екі жалпы білім беретін мектеп Павлодар қаласында, сондай-ақ Шарбақты ауданының Шарбақты ауылында және Ақсу қаласының ауылдық аймағы - Қалқаман кентінде салынады.