Павлодар облысының мұғалімдері педагогикалық шеберліктерін Кембридж университетінің әдістемелері бойынша жоғарылатуда

ПАВЛОДАР. 5 сәуір. ҚазАқпарат - Кеше Павлодар мемлекеттік педагогикалық институтында педагогикалық шеберлік курстары ашылды, деп хабарлады жоғары оқу орнының баспасөз қызметінен.
None
None

Екібастұз және Ақсу аудандарының 50 мұғалімі кәсібилікті арттыру курстарында қайта даярлаудан өтеді.

Үш базалық деңгей бағдарламасы Кембридж университетінің білім факультеті сарапшыларының қатысуымен жасалған. Оның мақсаты - терең теориялық білім беру, оқытудың тәжірибелік дағдыларын дамыту, оқытудағы әдістемелік-дидактикалық тәсілдердің диапазонын кеңейтіп, сабақ жоспарлауды жақсарту. Сабақтарды «Назарбаев зияткерлік мектептері» педагогикалық шеберлік орталығында оқудан өткен ПМПИ-ның оқытушылары жүргізуде.

Қайта даярлау кіші топтарда fase to fase (бетпе-бет) және дистанциялық оқытуды қолдану арқылы өткізіледі.

Біліктілік емтиханын табыспен өткізгендердің жалақысына 30 пайыздық үстеме қосуға мүмкіндік беретін сертификат тапсырылады.

Соңғы жаңалықтар