05:20, 23 Маусым 2016 | GMT +5
Павлодар облысының негізгі кәсіпорындары баспана салып жатыр
ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - «KSPSteеl» ЖШС және «Қазақстан алюминиі» АҚ биыл Паводарда екі көпқабатты тұрғын үй салады, деп хабарлады Құрылыс, жолаушылар көлігі және автожолдар басқармасының басшысы Дәулет Мұстафин.

Биыл аталмыш бұл кәсіпорындар облыс орталығында тағы 2 үйдің құрылысын бастайды. «Павлодарэнерго» АҚ-ы да Усольский шағын ауданында жалпы аумағы 9 692 шаршы метрлік 135 пәтерлі 9 қабатты тұрғын үй салуды жоспарлап отыр.
Ақсу қаласында «ТНК «Казхром» АҚ мен «ЕЭК» АҚ екі тұрғын үй салуды көздеп отыр. Сонымен қатар, «ЕЭК» АҚ Екібастұз қаласы М.Жүсіп көшесі, 37 «В» мекен-жайында 70 пәтерлі 5 қабатты үйдің құрылысы үшін жер учаскесін ресімдеп жатыр. Қазір құрылыс нысандарының жобалық-сметалық құжат дайындалуда.