Павлодар облысының шағын және орта бизнес кәсіпорындары 204,5 миллиард теңгенің өнімдерін өндірді
деп хабарлады статистика департаментінің баспасөз қызметінен.
Оның ішінде заңды тұлғалар - 165,8 миллиард теңгенің тауарларын өндіріп, қызметтерін көрсетсе, жеке кәсіпкерлер - 21,5 миллиард теңгенің, шаруа қожалықтары 17,5 миллиард теңгенің өнімдерін өндірді, қызметтерін көрсетті.
Бұл, 2009 жылмен салыстырғанда, 0,1 пайызға жоғары. Республикалық жалпы көрсеткіштің аясындағы облыстың үлес салмағы 3 пайызды шамалап отыр.
Өткен жыл ішінде, 2011 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша, нарықта жұмыс істейтін шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны 0,2 пайызға артып, 24,4 мыңды құраған. Оның: 2,8 мыңы - заңды тұлғалар, 18,9 мыңы - жеке кәсіпкерлер, 2,9 мыңы - шаруа қожалықтары. Шағын және орта кәсіпкерлікте жұмыспен қамтылғандардың саны 0,1 пайызға өсіп, 115,5 мың адамға жеткен.