08:59, 06 Қыркүйек 2010 | GMT +5
Павлодар облысының шаруашылықтары шөптің қажетті қорын дайындады
ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ. Қыркүйектің 6-сы. ҚазАқпарат /Вера Ливинцова/ - Павлодар облысының шаруашылықтарында 708 мың тоннадан астам жем-шөп дайындалды, бұл қыста малға қажетті мөлшерден 14 пайызға артық, деп хабарлады ауыл шаруашылығы басқармасында.
Биыл көгалдардан 200 мың гектар шөп шабылды.
Аймақта қысқа жем-азық дайындау жұмыстары жүріп жатыр, жүгері жиналуда, жүгері егілген 7,2 мың гектар аумақтың 1,75 мың гектары шабылды. Бір гектардан шамамен 35 центнер шөп алынуда.