Павлодар облысының сотталған азаматтарына CISCO IT-білім академиясының халықаралық жобадағы сертификаты тапсырылады

АСТАНА. 7 ақпан. ҚазАқпарат /Ғалымжан Хасенов/ - Павлодар облысының сотталған азаматтары компьютерлік сауаттануға кірісті, курстар аяқталғаннан кейін оларға CISCO IT-білім академиясының халықаралық жобадағы сертификаты тапсырылады, деп хабарлады павлодар облысы бойынша ҚАЖК департаменті.
None
None

Осы аймақтың ҚАЖК департаментінің бастығы Насыр Әлменовтың айтуынша, пенитенциарлық мекемеге арналған жаңашылдықтың басты мақсаты сотталған азаматтарды компьютерлік сауаттылыққа тереңдете оқыту.

Қазіргі күні ІТ-технологиялар саласындағы мамандар оқу процесіне кірісіп те кетті. Болашақта, компьютерлік курстар аяқталғаннан кейін оларға CISCO IT-білім академиясының халықаралық жобадағы сертификаты тапсырылады, ол сертификатпен жазасын өтеп шыққан азамат жұмыс таба алады.

Павлодар облысының ҚАЖ мекемелерінде осы секілді жаңа технологияларды енгізу пилотты жоба болып табылады, деп атап өтті ҚАЖК баспасөз қызметінен.

Соңғы жаңалықтар