Павлодар облысының тұрғындары энергетиктерге 2,5 млрд. теңгеден астам берешек

ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Павлодар облысы тұтынушыларының «Павлодарэнергосбыт» компаниясы алдында берешегі 2,5 млрд. теңгеден асты, деп хабарлады «ПАВЛОДАРЭНЕРГО» АҚ бөлімінің бастығы Асқар Шөмшеков.
None
None

Оның айтуынша, 3 айдан астам кешіктірілген төлем қарызы 1,6 млрд теңгені құрап отыр.

Жылуға төлемге байланысты Екібастұз тұрғындарының қарызы 984 млн. теңгеге жетті.

«Жылу мен электрге ақы төлемеу жаңа жылу маусымына дайындықты қаржыландыру жұмыстарына кедергі келтіруде», - деп атап өтті А. Шөмшеков.

Соңғы жаңалықтар