Павлодар облысының тұрғыны банкоматтан 14 млн. теңге ұрламақ болған

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Павлодар облысында банкоматтан 14 млн. теңге ұрлау әрекеті фактісі бойынша қылмыстық іс қаралды.

«Шарбақты аудандық сотында пышақтың көмегімен банкоматтың ішінде болған ақшалай қаражатты, дәлірек айтқанда, 14 015 000 теңгені ұрламақ болған Шарбақты ауылының 24 жастағы тұрғынына қатысты қылмыстық іс қаралды. Алайда ол банкоматты аша алмаған», - деп хабарлады Павлодар облыстық сотының баспасөз қызметінен.

Банкоматтың бүлінуі 332 960 теңгеге бағаланғаны атап өтіледі.

Сот азамат К-ны «аса ірі көлемдегі ұрлық жасауға оқталу» бабы (ҚК-нің 24-бабының 3-бөлімі; 188-баптың 4-бөлімінің 3-тармағы) бойынша айыпты деп танып, оған мүлкін тәркілеумен бірге шартты түрде 3 жылға бас бостандығынан айыру жазасын кесті.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Соңғы жаңалықтар