Павлодар Оқушылар сарайы жаңа оқу жылын бастап кетті

ПАВЛОДАР. Қыркүйектің 15-і. ҚазАқпарат /Вера Ливинцова/ - Сабақтарынан кейін павлодарлық 3 мыңнан астам оқушы Оқушылар сарайына асығады. Олар онда әуес істері ортақ достарымен, студиялар мен үйірмелердің жетекшілері - өз педагогтарымен кездеседі, 65 бағыт бойынша жұмыс істейтін 255 бірлестікке қатысады, деп хабарлады Оқушылар сарайынан.
None
None

Балалар журналист, радио- және телетілші мамандығының қыр-сырымен танысатын осындағы баспасөз орталығы республикалық және халықаралық конкурстардағы жеңістерімен аймаққа жақсы танымал. Балалар тағлымдамадан өтетін облыстық «Твой мир» балалар газетіне оқушылардың өздері мақала жазады, оларды өздері редакциялайды.

Ұл балалардың арасында радиоэлектроника, информатика және компьютерлік сауаттылық үйірмелері ерекше табысқа ие. Мұнда сондай-ақ, жас ақындар мен әдебиетшілердің бастарын қосатын «Ямб» студиясы жұмыс істейді. Оқушылар сарайының жас әншілері мен бишілері халықаралық фестивальдерден көп жүлделер жинап келген.

Жаңа оқу жылы енді басталды - балаларды алда көптеген қызықты кездесулер, халықаралық көрмелер мен конкурстардағы жеңістер, тәжірибелі педагогтар өткізетін қызықты сабақтар күтіп тұр.

Соңғы жаңалықтар