Павлодар өңірінде Молдованың темір жолын жаңғыртуға қажетті нәрселердің бәрі де бар - Ю.Топал
Қазақстандық кәсіпорындардың Молдова темір жолын жаңғыртуға, заманауи локомотивтерді, жүк және жолаушылар вагондарын, ұзын рельстерді және басқа да жабдықтарды жеткізуге қатысуына баса көңіл бөлінді.
Молдова тарапына екібастұздық - «Қазақстандық вагон құрылысы компаниясы» ЖШС және «Проммашкомплект» кәсіпорындарының мүмкіндіктері таныстырылды.
«Павлодар өңірінде Молдованың темір жолын жаңғыртуға қажетті нәрселердің бәрі де бар,- деп атап өтті Ю.Топал. - Біздің жолымыздың салынғанына 145 жылдан асты, қазір оның жағдайы наша. Тепловоздарды, және басқа да машиналарды пайдалану мерзімі асып кетті, олардың көбіне 30-40 жыл болды. Бізге қазір Еуропа қаржылық қолдау көрсетуде. Енді біз жолды жөндеуге және тепловоздар сатып алуға тендер жариялаймыз. Оған тілек білдірушілердің бәрі де қатыса алады».