Павлодар өңірінде 14 мыңнан астам адам онкологиялық ауруларға шалдыққан

ПАВЛОДАР. KAZINFORM - Онкологиялық сырқаттардың көш басында сүт безінің қатерлі ісігі тұр. Одан кейін тоқ ішек пен тік ішектің қатерлі ісіктері кең таралған.

 Қозоғистон олимлари томонидан ишлаб чиқилган онкологияга қарши дори жорий йилда рўйхатга олинади
Фото: Виктор Федюнин / Kazinform

Ертіс-Баян өңірінде қатерлі дертке шалдыққандар қатары азаяр емес. Облыстық онкологиялық диспансердің есебінде 14 мыңнан астам адам тұр.

- Сүт безінің, тоқ ішек пен тік ішектің қатерлі ісігіне шалдыққандар көп. Өкпе мен асқазан обыры да айтарлықтай алаңдатады. Дертпен күресудің ең тиімді жолы - оны ерте анықтаудың амалдарын күшейту. Былтыр онкологиялық сырқатты ерте анықтау ісінде айтарлықтай жетістіктерге қол жеткіздік. 33 науқас бірінші сатыда анықталды. Сонымен қатар, қатерлі ісіктің себебінен болатын өлім саны да жылдан-жылға азайып келеді. Былтыр бұл көрсеткіш 9 пайыз болды. Бес жылдық өмір сүру көрсеткіші де артты, - дейді өңірлік онкологиялық диспансер басшысының орынбасары Әсел Асқарова.

Былтыр аталған диспансерде 10 мың адам қаралып, 1600 ота жасалған.

Еске сала кетейік, ШҚО-да 2500-ден астам адамнан онкологиялық ауру анықталды.

 

Соңғы жаңалықтар