Павлодар өңірінде алғашқы ауысым сыныптары сабақты үйден оқып жатыр

ПАВЛОДАР. KAZINFORM - Павлодар, Екібастұз, Ақсу қалаларының мектептері ауа райының қолайсыздығына байланысты бірінші ауысымдағы сыныптарды қашықтан оқыту форматына ауыстырды.

Ертең Астанада бірінші ауысымдағы 0-9 сынып оқушылары онлайн оқиды
Фото: Мухтор Холдорбеков/Kazinform

Өңірде көктайғаққа және желдің екпіні секундына 15-20 метрге дейін жетіп тұруына байланысты Павлодар мен Екібастұз қалаларының таңертең оқитын 1-9 сыныптары, Ақсу қаласының 1-11 сыныптары онлайн форматта білім алып жатыр.

Бұл туралы Павлодар облыстық білім беру басқармасынан хабарлады.

- 2025 жылғы 15 желтоқсанда өңірдегі үш қаланың білім беру бөлімдері ауа райының күрт бұзылуына байланысты осындай шешім қабылдады. Облыста жаңбыр аралас қар жауып тұр, көктайғақ түзілген, - деп мәлімдеді басқармадан.

Ақсуда сондай-ақ барлық мектептегі оқушыларды тасымалдау тоқтатылды.

Еске сала кетейік, 9 желтоқсан күні Ертіс бойының 1-9 сыныптары қашықтан оқыған еді. 

Соңғы жаңалықтар