Павлодар өңірінде белгісіз індеттен 1,5 мыңға жуық үй құсы қырылып қалды

ПАВЛОДАР. KAZINFORM - Облыстың төрт ауданында құстардың қырылғаны анықталды. Ветеринарлар әзірше оның себебін таппай отыр.

Павлодар өңірінде құс қырылды
Фото: Kazinfrom

Тереңкөл, Железин, Шарбақты және Ақтоғай аудандарында үй құстары өліп жатыр. 

Тұрғындардың айтуынша, қауырсын қанаттылардың қырылуы қыркүйек айының басында тіркелген. Қаз, үйрек, тауықтар бастарын қанатының астына тығып алған күйі сұлап түседі.

Павлодар өңірінде құс қырылды
Фото: Kazinform

Ветеринария басқармасы құстардың қырылуын растады. Бірақ әзірше індеттің нақты себебі белгісіз. Сондықтан мамандар дезинфекциялық шараларды әлі бастай алмай отыр. 

- Өткен жұмада ветеринария бойынша референдтік орталықтан мамандар келіп, жабайы құстардың да сынамаларын зерттеуге алды. Бірақ әлі күнге дейін нәтижесі келген жоқ. Облыс бойынша өлген құстың саны 1,5 мыңға дейін жетеді, - дейді өңірлік ветеринария басқармасының бөлім басшысы Ғалым Бейсенов.

Бұған дейін СҚО-да үй құстары белгісіз аурудан қырылып жатқаны туралы жазғанбыз.

Павлодар өңірінде құс қырылды
Фото: Kazinform
Павлодар өңірінде құс қырылды
Фото: Kazinform

 

Соңғы жаңалықтар