Павлодар педагогикалық институтының спортшылары күрестен ел чемпионатының жеңімпаздары

ПАВЛОДАР. 22 ақпан. ҚазАқпарат - Павлодар мемлекеттік педагогикалық институтының студенттері Талдықорғанда жастар арасында күрес бойынша өткен ҚР-ның ел чемпионатында
None
None

алтын, күміс және екі қола медальді жеңіп алды, деп хабарлады ЖОО-ның баспасөз қызметінен.

Еркін күрестен жарысқа екі жүзден астам спортшы қатысты. Оған барлық он төрт облыс, Алматы мен Астана қалалары өздерінің үздік палуандарын шығарды.

Ең жеңіл салмақта (50 келі) Ернұр Қабатаев чемпион атанды, жартылай ауыр салмақта (96 келіге дейін) қола медальді Еркебұлан Егенбаев алды. Әйелдер күресінде «күміс» жүлдені (67 келіге дейін) Юлия Королюк иеленсе, 55 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде қола медальді Аймангүл Төлеухан еншіледі.

Соңғы жаңалықтар