Павлодар педагогикалық институтының студенттік еңбек жасағы «Қаздардың ұшуы» ескерткішінің маңайын тазартты

ПАВЛОДАР. 8 тамыз. ҚазАқпарат - Павлодар педагогикалық институтында құрылған «Аққу» студенттік жастар жасағының он екі жауынгері шілде бойы «Қаздардың ұшуы» палеонтологиялық табиғи ескерткішінің аумағын тазартумен айналысты, деп хабарлады ЖОО-ның баспасөз қызметінен.
None
None

Бұл жерде, Ертістің жағасында жердің астында көне алып жануарлар: мамонт, мүйізтұмсұқ және ғалымдар өткен жүзжылдықтың 20-шы жылдары анықтаған алғашқы жылқылардың сүйектері жатыр.

Студенттер 30 мың шаршы метр жерді тұрмыстық және құрылыс қалдықтарынан тазартты. Олар 22 тонна қоқысты жинап, қалалық қоқыс аумағына жеткізді.

Әлемдік танымал ескерткіштердің жиырмалығына кіретін палеонтологиялық табиғат ескерткішін педагогикалық институт жеті жыл бұрын қамқорлығына алды.

«Қаздардың ұшуын» сақтап қалу үшін «Аққу» жауынгерлері Прибрежный шағынауданының тұрғындары арасында ағартушылық жұмысты жүргізіп, оларды туған өлкесінің бірегей бұрышына қамқорлықпен қарап, сақтап қалуға шақырады.

Соңғы жаңалықтар