Павлодар пединститутына университет мәртебесі берілді

ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - ҚР Үкіметінің Қаулысымен Павлодар мемлекеттік педагогикалық институты университет мәртебесіне ие болды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі. 
None
None

«Біз бұл мәртебені көптен бері күттік. Алдағы уақытта бірнеше магистратура, докторантура мамандықтарын дайындаймыз. Бізге қолдау көрсеткендерге, сенім білдіргендерге алғыс айтамын», - деді білім ордасының ректоры Алтынбек Нұхұлы.

Ректор сонымен қатар, университет мәртебесі оқу ордасының келешегіне зор үлес қосатынын және мамандық дайындау деңгейінің жоғарылайтынын да айтты.

Павлодар педагогикалық институты 1962 жылдың желтоқсанында ашылған болатын.

Соңғы жаңалықтар