11:19, 22 Қаңтар 2011 | GMT +5
Павлодар пединститутында «Сергектік және денсаулық» спартакиадасы өтті
ПАВЛОДАР. 22 қаңтар. ҚазАқпарат /Вера Ливинцова/ - Павлодар мемлекеттік педагогикалық институтында қызметкерлер мен оқытушылар арасында «Сергектік және денсаулық» дәстүрлі спартакиадасы өтті, деп хабарлады оқу орнының баспасөз қызметінен.

Факультеттерде жасақталған жеті команда мен «Басшылық» құрамасы алдымен баскетболдан жарыс өткізді. Бұл жарыста тарих, экономика және құқық факультетінің командасы үздік нәтиже көрсетті.
Ал волейбол жарысында физика-математика факультетінің командасы үздік атанды. Алда футбол және үстел теннисі жарыстары күтіп тұр.